«Барыс» бапкері рейтингте жоғарылады
«Барыс» командасының бас бапкері Михаил Кравец Игорь Ларионов, Дмитрий Квартальнов және тағы бірқатар танымал мамандардан жоғары орын алып, ҚХЛ жаттықтырушыларының жаңа рейтингінде алтыншы орынға жайғасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астаналық клубтың бас бапкері алдыңғы рейтингпен салыстырғанда үш сатыға жоғарылады.
Алғашқы бестікке «Торпедо», «Нефтехимик», ЦСКА, «Металлург» және «Салават Юлаев» командаларының мамандары кірді. Рейтингті Алексей Исаков бастап тұр. Одан кейін Игорь Гришин, Игорь Никитин, Андрей Разин және Виктор Козлов орналасқан.
«Чемпионат» жаттықтырушыларды бағалау кезінде бірнеше көрсеткішті ескерген. Олардың қатарында командалардың қазіргі чемпионаттағы нәтижелері, ойын сапасы, команда ішіндегі маманға деген сенім деңгейі және оның жұмысына берілген қоғамдық баға бар.
Кравецтің алтыншы орынға көтерілуіне маусым басындағы «Барыстың» нәтижелері әсер етті. Астаналық клуб 12 матчтан кейін 14 ұпай жинап, Шығыс конференциясында төртінші орында келеді.
«Барыс» бапкерінен кейінгі орында Игорь Ларионов орналасқан. СКА командасының жаттықтырушысы жетінші орынға жайғасты. Сегізінші орында «Локомотив» бапкері Дмитрий Квартальнов тұр. Тоғызыншы орын «Шанхай Драгонс» командасының маманы Митч Лавқа бұйырса, үздік ондықты «Ак Барс» бас бапкері Анвар Гатиятулин түйіндеді.
Алғашқы ондықтан тыс қалған мамандар қатарында Александр Андриевский, Андрей Козырев, Скотт Гордон, Сергей Брылин, Олег Браташ, Ги Буше, Алексей Кудашов, Алексей Жамнов, Леонид Тамбиев, Ярослав Люзенков, Андрей Миронов және Павел Зубов бар.
Жалпы рейтингке ҚХЛ командаларының 22 бас бапкері енген.