«Барыстың» бас бапкері ҚХЛ жаттықтырушылары рейтингінде бірден 12 орынға төмендеді

«Барыстың» бас бапкері ҚХЛ жаттықтырушылары рейтингінде бірден 12 орынға төмендеді

«Чемпионат» басылымы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2026/2027 жылғы маусымындағы бас бапкерлер рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингті құрастыру кезінде командалардың нәтижелері, көрсетіп жүрген ойын сапасы, клуб басшылығының бапкерлерге деген сенімі және олардың жұмысына берілген қоғамдық баға ескерілген.

Жаңартылған тізімде ең үлкен өзгеріс «Барыстың» бас бапкері Михаил Кравецке қатысты болды. Астаналық клубтың тізгінін ұстаған маман бірден 12 сатыға төмендеп, төртінші орыннан 16-орынға сырғыды.

Рейтинг көшбасшысы атанған «Северсталь» бапкері Андрей Козырев үшінші орыннан бірінші сатыға көтерілді. «Амурдың» бас бапкері Александр Андриевский екінші орнын сақтап қалса, бұған дейін көш бастаған ЦСКА жаттықтырушысы Игорь Никитин үшінші орынға түсті.

ҚХЛ бас бапкерлерінің жаңартылған рейтингі:

1. Андрей Козырев («Северсталь») – бұрын 3-орын

2. Александр Андриевский («Амур») – 2

3. Игорь Никитин (ЦСКА) – 1

4. Олег Ореховский («Динамо» Мәскеу) – 11

5. Дмитрий Квартальнов («Локомотив») – 5

6. Ги Буше («Авангард») – 9

7. Алексей Кудашов («Автомобилист») – 7

8. Алексей Исаков («Торпедо») – 6

9. Константин Шафранов («Металлург») – 14

10. Сергей Брылин («Динамо» Минск) – 19

11. Андрей Разин (СКА) – 17

12. Игорь Гришин («Нефтехимик») – 13

13. Алексей Жамнов («Спартак») – 12

14. Виктор Козлов («Салават Юлаев») – 16

15. Скотт Гордон («Трактор») – 10

16. Михаил Кравец («Барыс») – 4

17. Ярослав Люзенков («Сибирь») – 21

18. Олег Браташ («Адмирал») – 8

19. Игорь Горбенко («Лада») – 20

20. Анвар Гатиятулин («Ак Барс») – 15

21. Митч Лав («Шанхай Дрэгонс») – 18

22. Андрей Миронов («Сочи») – 22

Осылайша Михаил Кравец рейтингтегі ең үлкен құлдырауға ұшыраған бапкер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама