ҚХЛ: «Металлург» пен «Трактор» кездеседі, СКА жеңілістер сериясын тоқтатуға тырысады

ҚХЛ: «Металлург» пен «Трактор» кездеседі, СКА жеңілістер сериясын тоқтатуға тырысады

Бүгін, 19 қарашада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында үш матч өтеді. Командалар Магнитогорск, Қазан және Нижнекамск қалаларында мұз айдынына шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

19:00. «Металлург» – «Трактор»

Магнитогорск клубы қатарынан үш рет жеңілгеннен кейін өткен матчта «Ладаны» 7:2 есебімен ойсырата ұтты. Бұған дейін команда ЦСКА-дан (3:7), «Авангардтан» (3:4 ОТ) және «Барыстан» (4:5) жеңілген еді. Соған қарамастан, «Металлург» шабуылда нәтижелі өнер көрсетіп келеді. Команда 28 кездесуде 101 шайба соққан.

Ал «Трактор» қараша айында ойынын біршама жақсартып, «Барысты» (2:1), «Ак Барсты» (5:3), «Шанхай Дрэгонс» (5:2) және СКА-ны (5:1) жеңді. Алайда соңғы кездесуде «Сибирьден» 1:4 есебімен ұтылды.

21:30. «Ак Барс» – «Спартак»

Анвар Гатиятулин шәкірттері өткен ойында мәскеулік «Динамоға» қарсы 51-минутқа дейін басымдықты сақтағанымен, қалған уақытта үш шайба жіберіп алды.

Қазандықтардың құрамында Артем Галимов жоқ, ал Евгений Дадоновтың дебюті желтоқсан айына жоспарланған. Дегенмен «Ванкуверден» Илья Сафоновтың оралуы және қорғаушы Митч Миллердің жарақатынан айығуы команданың әлеуетін арттырды.

«Спартак» сырт алаңда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Мәскеулік клуб соңғы тоғыз қонақтағы матчтың бесеуінде жеңіске жеткен. Алайда команда жарақат алған Комтуа, Орлов және Райллидің көмегіне жүгіне алмайды. Сонымен қатар «Металлургтен» ауысқан Руслан Исхаков пен Игорь Нечаевтың бүгінгі кездесуге қатысуы белгісіз.

21:30. «Нефтехимик» – СКА

«Нефтехимик» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде жоғары орындардың бірін иеленіп келеді. Алайда қараша айында команда қорғаныста жиі қателесіп, «Металлургтен» 1:8, ал «Локомотив» пен «Авангардтан» 1:5 есебімен жеңілді.

Соған қарамастан, Нижнекамск клубы «Салават Юлаевты» буллит сериясында 4:3 есебімен жеңіп, минскілік «Динамомен» кездесуде де ұпай еншіледі (1:2 Б).

СКА болса, «Спартакты» 7:1 есебімен ойсырата жеңгеннен кейін қатарынан үш матчта ұтылды. Петербургтік команда мәскеулік «Динамоға» (1:2 ОТ), минскілік «Динамоға» (1:4) және «Тракторға» (1:5) есе жіберді.

Осы үш кездесуде СКА небәрі үш шайба соғып, шабуылдағы қиындықтарын айқын көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама