«Барыстың» шабуылшысы ҚХЛ-дің ең тәртіпті ойыншыларының қатарына енді

«Барыстың» шабуылшысы ҚХЛ-дің ең тәртіпті ойыншыларының қатарына енді

Астаналық «Барыстың» шабуылшысы Әлихан Өмірбеков Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ең тәртіпті ойыншыларының қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚХЛ баспасөз қызметі тұрақты чемпионаттағы ең тәртіпті және ережені жиі бұзатын хоккейшілердің рейтингін жариялады.

Тізімге енген Әлихан Өмірбеков биылғы маусымда 27 матч өткізіп, бірде-бір рет айып уақытын алмаған. Сонымен қатар қазақстандық шабуылшы 8 (5+3) ұпай жинаған.

Ал лиганың ең тәртіпсіз ойыншысы мәскеулік ЦСКА шабуылшысы Клим Костин атанды. Ол 19 кездесуде 48 минут айып уақытын жинаған.

«Жұмысыңды ережені бұзбай, таза орындауға болады. Немесе өзіңді ештеңемен шектемей, оның салдарына дайын болуға тура келеді», – делінген ҚХЛ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама