«Барыс» шабуылшысының ағасы ҰХЛ матчында дубль жасап, командасын жеңіске жеткізді
«Баффало Сэйбрз» Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) тұрақты чемпионатында «Тампа-Бэй Лайтнингті» сырт алаңда 6:2 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл «Тампа» үшін биылғы маусымдағы өз алаңында өткізген 12 матчындағы екінші жеңілісі болды. Ал «Баффало» қараша айында қарсыласынан 3:8 есебімен жеңілгені үшін есесін қайтарды.
Бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталды. Екінші жиырма минуттықта қонақтар жауапсыз үш шайба соқты. Алдымен Джек Куинн көзге түссе, кейін Тейдж Томпсон дубль авторы атанды. Осылайша ол қатарынан төртінші матчта гол соқты.
Үшінші кезеңде «Тампа» сапынан Гейдж Гонсалвеш есеп айырмасын қысқартты. Алайда Ноа Эстлунд пен Зак Бенсон тағы екі шайба соғып, кездесудің нүктесін қойды.
Алаң иелері сапында ресейлік шабуылшы Никита Кучеров та мергендігімен көзге түсті.
ҰХЛ. Тұрақты чемпионат
«Тампа-Бэй Лайтнинг» – «Баффало Сэйбрз» – 2:6 (1:1, 0:3, 1:2)
Шайбалар:
• 0:1 – Кулих (3)
• 1:1 – Кучеров (12)
• 1:2 – Куинн (21)
• 1:3 – Томпсон (31)
• 1:4 – Томпсон (36)
• 2:4 – Гонсалвеш (45)
• 2:5 – Эстлунд (46)
• 2:6 – Бенсон (58)
Айта кетейік, «Баффалоның» көшбасшысы Тейдж Томпсон – астаналық «Барыс» шабуылшысы Тайс Томпсонның туған ағасы.
Тейдж биылғы маусымда 24 матч өткізіп, 28 (17+11) ұпай жинады. Ол «Баффалоның» үздік сұрмергені әрі ең нәтижелі ойыншысы саналады.
Ал інісі Тайс Томпсон «Барыс» сапында 29 кездесуге қатысып, 16 (11+5) ұпай еншіледі.