ҚХЛ: бүгін «Барыс» пен «Северсталь» кездеседі

ҚХЛ: бүгін «Барыс» пен «Северсталь» кездеседі

Бүгін Астана, Нижний Новгород және Санкт-Петербург қалаларында ҚХЛ тұрақты чемпионатының кезекті ойын күні аясында үш матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

19:00. «Барыс» – «Северсталь»

Астаналық клуб қатарынан үш жеңілістен тұратын сәтсіз сериясын тоқтатуға тырысады. Ал Қазақстан астанасына келген қонақтар соңғы алты кездесуде қатарынан жеңіске жеткен.

21:00. «Торпедо» – «Сибирь»

Нижний Новгород командасы жеңілістер сериясын тоқтатып, Батыс конференциясының үздік үштігіне қайта оралуды көздейді. Ал новосібірлік ұжым Шығыс конференциясында плей-офф аймағына ену үшін күресіп жатыр.

21:30. СКА – «Локомотив»

СКА жаңа бапкерлер штабының талаптарына бейімделіп, плей-офф аймағындағы орын үшін күресіп келеді. Ярославльдік клуб сырт алаңдағы көрсеткіш бойынша лиганың үздік үштігіне кіреді (14 матчта 19 ұпай) және Батыс конференциясының көшбасшылығы үшін ЦСКА-мен бәсекелесіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама