«Құлагер» қорғаушысы Қазақстан чемпионатының үздік ойыншысы атанды

«Құлагер» қорғаушысы Қазақстан чемпионатының үздік ойыншысы атанды

Петропавлдың «Құлагер» клубының қорғаушысы Арсений Борисов Pro Hokei Ligasy тұрақты чемпионатының 11-аптасының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы хоккейші бір аптада алты нәтижелі пас беріп, чемпионаттың ең нәтижелі ойыншысы атанды. Сондай-ақ оның пайдалылық көрсеткіші +4-ті құрады. Қорғаушы қарсылас қақпасына 17 рет соққы бағыттаған.

Биылғы маусымда Борисов тұрақты чемпионаттың 27 матчында 18 (6+12) ұпай жинады.

Айта кетейік, хоккейші бұған дейін Қазақстан чемпионатында «Арлан», «Сарыарқа» және «Хумо» клубтарының намысын қорғаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама