«Бұл бәрі үшін қайғылы күн болады»: Малкин Овечкиннің мансабын аяқтау туралы шешіміне пікір білдірді
«Питтсбург Пингвинз» шабуылшысы Евгений Малкин «Вашингтон Кэпиталз» капитаны Александр Овечкиннің қазіргі маусым аяқталғаннан кейін ҰХЛ-дағы мансабын аяқтауды жоспарлап отырғанына пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Пингвинз» форварды көп жылдан бері бірге өнер көрсеткен әрі қарсылас болған Овечкиннің шешімін түсінетінін айтып, өзінің де мансабын жақын арада аяқтауды ойлап жүргенін меңзеді.
«Ол барлық жетістікке жетті. Шамасы, ол лиганы өте жақсы түсінеді. Бұл оңай емес. Мұндай жағдай маған да таныс. Бәлкім, мен үшін де осы маусым соңғысы болар. Бірақ мен әлі де хоккейді жақсы көремін», – деді Джиноның сөзін ҰХЛ сайты келтірді.
«Питтсбургтің» жұлдызды шабуылшысы «Пингвинз» бен «Кэпиталз» арасындағы ұзақ жылғы бәсекелестікке тоқталып, 2006/07 маусымынан бері Сидни Кросби мен Александр Овечкиннің әрбір жекпе-жегі әлемдік деңгейдегі үлкен оқиғаға айналғанын атап өтті.
Малкин «Вашингтон» капитанына мансабындағы соңғы чемпионатты жарақатсыз өткізіп, хоккейден барынша ләззат алуды тіледі. Ол Овечкиннің кетуімен жай ғана хоккейші емес, әлемдік хоккейдің нағыз аңызы әрі өзінің жақын досы мансабын аяқтайтынын айтты.