Овечкин өзінің сыра брендін шығарды

Овечкин өзінің сыра брендін шығарды

Ресей нарығында жақында Александр Овечкиннің есімімен байланысты жаңа сыра бренді пайда болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Вашингтон Кэпиталз» клубының капитаны OVI брендін іске қосады. Өнімдер 2026 жылдың соңына дейін дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарында сатылымға шығарылады.

Өнімді «Пивоварни Бочкарев» компаниясы шығарады. Сыра өндірушісі хоккейші жобасы үшін тұтынушылардың әртүрлі талғамына арналған сусынның бірнеше түрін дайындауды жоспарлап отыр.

Ассортиментте үш өнім болады. Біріншісі — сергітетін дәмі бар дәстүрлі лагер. Екіншісі — алкоголь мөлшері төмендетілген жеңіл нұсқа. Сонымен қатар бренд алкогольсіз сыра да шығарады.

Жобаның іске қосылатыны туралы «Коммерсантъ» басылымы хабарлады. Осылайша Овечкин кәсіби спорттан тыс жеке коммерциялық жобаларын дамытып жүрген ресейлік спортшылар қатарына қосылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или