«Барыс» ойыншысы ҚХЛ-дың қыркүйек айындағы үздік қорғаушысы атанды
«Барыс» қорғаушысы Джейк Масси ҚХЛ-дың Fonbet чемпионатындағы қыркүйек айының қорытындысы бойынша жеке марапатқа ие болды. Канадалық хоккейші мансабында алғаш рет лига нұсқасы бойынша айдың үздік қорғаушысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Масси қыркүйек айында 10 матч өткізіп, 8 ұпай жинады — 3 гол және 5 нәтижелі пас. Қорғаушының пайдалыдық көрсеткіші «+7» болды.
Массидің екі шайбасы жеңіс голы атанды. Ол «Ладаға» (6:0) және «Локомотивке» (5:0) қарсы матчтарда мергендік танытты. Нәтижелі әрекеттерінен бөлек, қорғаушы 7 күш қолдану әдісін жасап, 22 соққыны бұғаттады, 3 рет шайбаны тартып алып, 3 рет қарсыластың пасын қағып кетті.
Қыркүйек айында ҚХЛ командалары барлығы 108 матч өткізді. Оларға 603 хоккейші қатысты. Бір ойынға орта есеппен 5,05 шайбадан соғылды.
Айдың басқа да үздіктері қатарында «Салават Юлаев» қақпашысы Семен Вязовой, «Нефтехимик» шабуылшысы Андрей Белозеров және үздік жас ойыншы атанған «Шанхай Дрэгонс» шабуылшысы Егор Соловьев бар. Вязовой бұл марапатты мансабында екінші рет алса, Белозеров пен Соловьев алғаш рет иеленді