«Вашингтон» НХЛ маусымының алғашқы ойынына құрамын жариялады

«Вашингтон» НХЛ маусымының алғашқы ойынына құрамын жариялады

«Вашингтон Кэпиталз» жаңа НХЛ тұрақты чемпионатының алғашқы матчына арналған 23 хоккейшіден тұратын құрамын бекітіп, команда капитаны Александр Овечкиннің қатарға қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Вашингтон Кэпиталз» баспасөз қызметі «Каролина Харрикейнзге» қарсы өтетін алғашқы матчқа арналған ресми құрамды жариялады. Қорытынды өтінімге 14 шабуылшы, 7 қорғаушы және 2 қақпашы енді.

«Елорда» клубының жанкүйерлері үшін басты жаңалық команда капитаны Александр Овечкиннің құрамға қосылуы. 41 жастағы сұрмерген шағын жарақатына байланысты маусым алдындағы матчтардың барлығын өткізіп алған. Бас бапкер Спенсер Карбери команда көшбасшысының денсаулығына тәуекел етпей, ресми маусым басталғанға дейін толық қалпына келуіне мүмкіндік берді.

Алдағы маусым Овечкиннің Солтүстік Америкадағы мансабындағы 22-сі болмақ. Ол командасын капитандық таңғышпен бастап шығуын жалғастырады. Оның бірінші ассистенті болып Том Уилсон бекітілді. Ал қалған вице-капитандардың есімдерін клуб 30 қыркүйек, сәрсенбі күні жариялайды.

«Вашингтон» мен «Каролина» арасындағы маусымның алғашқы матчы 3 қазан, сенбі күні өтеді.

Айта кетейік, «Ұлы сегіздіктің» НХЛ тұрақты чемпионатындағы 1573 матчта 1687 (929+758) ұпайы бар. Ал Стэнли кубогының плей-офф кезеңінде 161 матч өткізіп, 147 (77+70) ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или