Белгілі хоккей маманы «Барыстың» ҚХЛ-дегі маусымның сәтті басталуына баға берді
Белгілі хоккей сарапшысы әрі функционер Леонид Вайсфельд «Барыстың» ҚХЛ-дің жаңа маусымын сәтті бастауына пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барыс» күткеннен әлдеқайда жоғары деңгейде ойнап жатыр. Олардың легионерлерінің деңгейі бұрыннан жоғары болатын. Егер жақсы ойыншыларың бола тұра, команда нашар ойнаса, демек оларды біріктіре алмай отырсың. Кравец мұны жүзеге асырған сияқты.
Қазір олар команда ретінде ойнап жатыр. Ал жоғары білікті ойыншылар бір команда болып өнер көрсетсе, нәтиже де келеді. Егер қандай да бір күтпеген жағдай болмаса, олар плей-оффқа шығуы тиіс. Осылай ойнай берсе, ешқандай мәселе болмайды», – деп Вайсфельдтің сөзін «Советский спорт» басылымы келтіреді.
«Барыс» жеті ойыннан кейін ҚХЛ-дің Шығыс конференциясында 10 ұпаймен үшінші орында тұр.
Қазақстандық клуб келесі кездесуін өз айдынында «Нефтехимикке» қарсы өткізеді. Матч 25 қыркүйекте Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады.