Овечкиннің жарақаты туралы ақпарат жоққа шығарылды

Овечкиннің жарақаты туралы ақпарат жоққа шығарылды

Ресейлік хоккейші Александр Овечкиннің жарақат алғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы хоккейшінің өкілі Глеб Чистяков мәлімдеді. Оның айтуынша, «Вашингтон Кэпиталз» капитанында ешқандай жарақат жоқ.

Бұған дейін БАҚ-та 41 жастағы шабуылшының денесінің төменгі бөлігінен жарақат алғаны туралы ақпарат тараған еді. Осыған байланысты Овечкин командасының «Бостон» және «Филадельфияға» қарсы екі бақылау матчына қатыспады.

«Ешқандай жарақаты жоқ. Маусым алдындағы ойындар болғандықтан, матчтарға қатыспады», – деп Чистяковтың сөзін РИА Новости келтірді.

Маусымаралық кезеңде ресейлік шабуылшы «Вашингтонмен» келісімшартын тағы бір маусымға ұзартты. НХЛ-дегі мансабында Овечкин тұрақты чемпионат пен плей-офф ойындарын қоса есептегенде 1006 гол соққан. Лига тарихындағы жалпы гол саны бойынша ол 1016 шайбасы бар Уэйн Гретцкиден ғана кейін тұр.

Ал НХЛ-дің тұрақты чемпионаттарындағы гол саны бойынша Овечкин рекорд иесі. Ресейлік хоккейші 929 шайба соққан.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или