«Барыстың» ең жылдам хоккейшісі анықталды

«Барыстың» ең жылдам хоккейшісі анықталды

ҚХЛ Шығыс конференциясындағы әр команданың ең жылдам хоккейшілері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» сапында үздік көрсеткішті америкалық шабуылшы Джастин Бэйли тіркеді. Ол ойын эпизодтарының бірінде сағатына 37,5 шақырым жылдамдықпен жүйткіген. Осы нәтижесінің арқасында Бэйли Шығыс конференциясының ең жылдам хоккейшілері қатарына енді.

Бэйли конференцияның жалпы тізімінде үшінші орында тұр. Одан тек Максим Тарасов пен Павел Тютнев жылдамырақ нәтиже көрсеткен. Екеуінің де ең жоғары жылдамдығы — 38,2 км/сағ.

Үздік бестікке сондай-ақ «Амур» шабуылшысы Федор Храпов (37,1 км/сағ) және «Адмирал» ойыншысы Энтони Камара (36,9 км/сағ) кірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или