Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы Польшада алғашқы ойынын жеңіспен бастады
Қазақстандық қақпашы Роман Калмыков Польша хоккей лигасындағы дебюттік матчында қақпасына гол жібермеді, деп хабарлайды Prosports.kz «Головой об лед» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
25 жастағы қақпашы «Торунь» сапындағы алғашқы ойынында «Ястшембе» клубының 27 соққысын да қайтарып, шатаут жасады.
Ал «Торунь» қарсыласының қақпасына жауапсыз сегіз шайба соқты.
Калмыков үшін бұл нәтиже өткен маусымдағы жетістігінің заңды жалғасы болды. Ол сол кезде «Номад» сапында өнер көрсетіп, Pro Hokei Ligasy турнирінің үздік қақпашысы атанған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или