Овечкин жаңа маусым алдында жаттығуға кірісті
«Вашингтон» шабуылшысы Александр Овечкин ҰХЛ-дың жаңа маусымына дайындық аясында жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Репортер Сэмми Сильбердің мәліметінше, Овечкин мұз айдынына сабында MVO әріптері жазылған таяқшамен шыққан. Бұл жазу хоккейшінің әкесі Михаил Викторович Овечкиннің аты-жөнінің бас әріптерін білдіреді.
Михаил Овечкин ұзақ уақыт бойы ауыр дертпен күресіп, 2023 жылы қайтыс болған.
«Вашингтонның» жаттығу лагері ресми түрде бейсенбі күні басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или