«Барыс» ҚХЛ-да ең көп гол соққан командалар қатарында
«Штаб хоккеиста» Континенталдық хоккей лигасында ең көп гол соққан командалардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚХЛ-да Санкт-Петербургтің СКА клубы 20 голмен көш бастап тұр. Айта кетейік, Нева жағалауындағы команда маусым басында өзгелерден көп матч өткізді.
Екінші орында – Гагарин кубогының қазіргі иегері Ярославльдің «Локомотиві». Команда есепке 17 шайба жазған.
Үшінші орында – астаналық «Барыс». Қазақстандық клубтың еншісінде 16 гол бар.
ҚХЛ-да ең көп гол соққан командалардың үздік-9 тізімі:
СКА – 20 шайба
«Локомотив» – 17
«Барыс» – 16
«Торпедо» – 15
«Нефтехимик» – 14
«Спартак» – 14
«Салават Юлаев» – 13
«Автомобилист» – 13
«Ак Барс» – 12
Континенталдық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или