Люк Джонсон Ресейдегі сүйікті тағамдарын атад
Магнитогорскінің «Металлург» командасында өнер көрсететін америкалық шабуылшы Люк Джонсон ҚХЛ мен Ресей туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ресей – тамаша ел. Мұнда хоккей де жоғары деңгейде, сондықтан осында өткізген әр күнімнен ләззат алып жүрмін. Маған борщ пен пельмень қатты ұнайды. Екеуі сүйікті тағамдарым десем болады. Өте дәмді», – деді шабуылшы.
Жаңа маусымда Джонсон бес матч өткізіп, 3 (1+2) ұпай жинады.
Ол ҚХЛ-да «Металлург» сапында 216 ойын өткізіп, 83 (41+42) ұпай еншіледі.
Айта кетейік, Магнитогорск командасының құрамында «Барыстың» бұрынғы көшбасшылары шабуылшы Никита Михайлис пен қорғаушы Валерий Орехов та өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или