«Северсталь» маусымды сәтсіз бастады: сарапшы басты себепті атады

«Северсталь» маусымды сәтсіз бастады: сарапшы басты себепті атады

Хоккей сарапшысы әрі функционер Леонид Вайсфельд Череповецтің «Северсталь» командасының маусымды сәтсіз бастағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда тұрақты чемпионаттың алғашқы кезеңінде сәтсіз өнер көрсетіп, бес кездесуде бір ғана жеңіске жетті. Қалған төрт ойында жеңіліс тапты.

Маманның пікірінше, череповецтік клубтың нәтижесі нашарлауына жазғы құрамдағы өзгерістер негізгі себеп болған.

«Чемпионаттың басында минус белгісімен ең көп таңғалдырған команда – «Северсталь». Қазір олар нашар ойнап жүр. Меніңше, шеберлігі жоғары ойыншылар командадан кетті, ал олардың орнына келген хоккейшілердің деңгейі бапкерлер штабының жоспарын жүзеге асыруға жеткіліксіз. Олардың ойын мәнері техникалық тұрғыдан өте күрделі. Мұндай жүйеде ойнау үшін не жоғары шеберлік, не уақыт қажет», – деп Вайсфельдтің сөзін «Советский спорт» басылымы келтірді.

Андрей Козырев жаттықтыратын «Северсталь» әдетте қарқынды, комбинациялық әрі техникалық хоккейге, шайбаны бақылауда ұстауға басымдық береді. Алайда маусымаралық кезеңде бірқатар негізгі ойыншының командадан кетуінен кейін жаңарған құрам әзірге бапкерлер штабының талаптарын орындай алмай келеді.

Череповец клубы чемпионаттың алғашқы бес турында мүмкін болған 10 ұпайдың тек үшеуін жинап, турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан.

Айта кетейік, Леонид Вайсфельд – бұрынғы танымал хоккей төрешісі. Ол Ресейдің үздік төрешісіне табысталатын Андрей Старовойтов атындағы «Алтын ысқырық» жүлдесін үш рет (1998, 1999, 2001) иеленген. Сондай-ақ Вайсфельд «Лада», «Атлант», Новокузнецктің «Металлург», «Автомобилист» және «Салават Юлаев» клубтарында бас менеджер қызметін атқарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или