«Барыс» қақпашысы Андрей Шутов үздік ойыншы атанды

«Барыс» қақпашысы Андрей Шутов  үздік ойыншы атанды

«Барыс» қақпашысы Андрей Шутов ҚХЛ-дағы өткен ойын күнінің үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық клуб Гагарин кубогының қазіргі иегері «Локомотивке» қарсы тұрақты чемпионат матчында 5:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Шутов тамаша ойын көрсетіп, қақпасына бағытталған 36 соққының барлығын қайтарды.

«Барыс» қақпашысы үшін бұл матч 2026/27 жылғы маусымдағы алғашқы «құрғақ» ойыны әрі ҚХЛ-дағы мансабындағы алтыншы «шатаут» болды.

Айта кетейік, «Локомотив» бұл маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ірі жеңістен кейін «Барыс» сегіз ұпаймен Шығыс конференциясында бесінші орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или