ҚХЛ «Барыс» пен «Нефтехимиктің» басты мықты тұстарын атады

ҚХЛ «Барыс» пен «Нефтехимиктің» басты мықты тұстарын атады

Құрлықтық хоккей лигасы Астанада өтетін «Барыс» пен «Нефтехимик» арасындағы матч алдында қос команданың басты мықты тұстарына тоқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астаналықтардың басты артықшылығы — нәтижелілігі. «Барыс» маусым басындағы ҚХЛ-дың ең көп гол соққан командасы болып тұр. Астаналық клуб әр ойында қарсылас қақпасына орта есеппен 4,43 шайбадан соғуда. Жеті матчтан кейін Михаил Кравец шәкірттері 10 ұпай жинап, Шығыс конференциясында төртінші орында келеді.

ҚХЛ «Барыстың» көшбасшыларын да атап өтті. Шабуылшы Джастин Бэйли жеті кездесуде 12 ұпай (7+5) жинаса, қорғаушы Джейк Масси өз еншісіне сегіз нәтижелі ұпай (3+5) жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или