Овечкин жарақатынан кейін командалық жаттығуға қосылды

Овечкин жарақатынан кейін командалық жаттығуға қосылды

«Вашингтон Кэпиталз» капитаны Александр Овечкин жарақатына байланысты үзілістен кейін мұз айдынына қайта шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаттығу барысының видеосы 41 жастағы ресейлік шабуылшының ресми Telegram-арнасында жарияланды.

Еске салайық, жарақатына байланысты Овечкин бұған дейін дәл осы қарсыластарға қарсы өткен жолдастық кездесулерге қатыса алмаған еді. «Кэпиталз» «Брюинзден» буллиттер сериясында 2:3 есебімен жеңіліп, кейін «Флайерзді» 5:2 есебімен сенімді түрде ұтқан.

Клубтың көпжылдық көшбасшысы алдағы ойындарда – 26 қыркүйекте «Бостонға», ал 27 қыркүйекте «Филадельфияға» қарсы кездесулерде мұз айдынына шығуы жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или