Бүгін ҚХЛ аясында екі кездесу өтеді

Бүгін ҚХЛ аясында екі кездесу өтеді

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында екі матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

14:00. «Амур» – «Нефтехимик»

Шығыс конференциясының көшбасшыларының бірі саналатын Нижнекамскінің «Нефтехимигі» сырт алаңдағы ойындар сериясы аясында кезекті кездесуін өткізеді. Игорь Гришин шәкірттерінің қарсыласы Хабаровскінің «Амуры» болады. «Жолбарыстар» Шығыс конференциясында плей-оффқа берілетін сегіздікті түйіндеп тұр.

21:30. ЦСКА – СКА

Ойын күнінің орталық кездесуінде Мәскеу мен Санкт-Петербургтің армиялық клубтары өзара кездеседі. Екі команда да тамаша қарқынға ие. ЦСКА қатарынан бес матчта жеңіске жетсе, СКА төрт ойында қатарынан басым түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или