«Барыстың» бұрынғы қорғаушысы «Торпедоның» жоспарына енбей қалды

«Барыстың» бұрынғы қорғаушысы «Торпедоның» жоспарына енбей қалды

«Торпедо» клубы қазақстандық қорғаушы Дмитрий Бреуспен қоштасу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Клуб 22 жастағы хоккейшіге қатысты ұсыныстарды зерттеп, оны басқа командаға айырбастау нұсқасын да жоққа шығармайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бреустың нижний новгородтық клубпен келісімшарты 2028 жылдың 31 мамырына дейін жарамды. Келісім біржақты сипатта.

Қазіргі ҚХЛ маусымында қорғаушы «Торпедо» сапында әзірге мұз айдынына шыққан жоқ. Бұған дейін Бреус «Барыс» сапында да өнер көрсеткен. Жалпы ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында екі клуб үшін 98 матч өткізді.

Осы уақыт ішінде қазақстандық хоккейші 16 ұпай жинап, 3 шайба соғып, 13 нәтижелі пас берді. Пайдалыдық көрсеткіші «-23» болды.

Енді «Торпедо» нарықты зерттеп, Бреустың мансабын басқа клубта жалғастыру нұсқаларын қарастыруға дайын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или