Аншлаг: «Барыс» пен «Авангард» арасындағы кездесу толық аренада өтеді

Аншлаг: «Барыс» пен «Авангард» арасындағы кездесу толық аренада өтеді

10 қазанда Қазақстан астанасында принципті қарсыластар кездеседі. «Барыс Аренада» «Барыс» пен омбылық «Авангард» командалары мұз айдынына шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» пен «Авангард» арасындағы алдағы ойын елордада үлкен қызығушылық тудырды. Кездесуге бірнеше күн қалғанда-ақ принципті қарсыластар ойынының афишасында «sold out» (барлық билет сатылды) деген жазу пайда болды.

Астанадағы 11 626 көрерменге арналған «Барыс Арена» трибуналары лық толады. Кездесу Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.

ҚХЛ-дағы Шығыс конференциясының классикалық қарсыластары арасындағы матч астаналық клубтың тұрақты чемпионаттағы сенімді ойыны аясында өтеді. «Барыс» 12 матчтан кейін 14 ұпай жинап, Шығыс конференциясының бесінші орнына тұрақтады.

Ал «Авангард» бұл маусымда әзірге жақсы нәтиже көрсете алмай келеді. Омбылық команда 11 ойыннан кейін 10 ұпай жинаған және қазіргі таңда плей-офф аймағына кіретін үздік сегіздікке енбейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или