ҚХЛ-дың үздік сұрмергендері анықталды
ҚХЛ-дың 2026/27 жылғы тұрақты чемпионаты қыза түсіп, үздік сұрмерген атағы үшін күрес те күшейіп келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
8 қазандағы жағдай бойынша ҚХЛ-дың ең нәтижелі ойыншылары тізімін СКА шабуылшысы Николай Голдобин бастап тұр.
31 жастағы форвард 11 матчта 18 ұпай жинаған. Оның еншісінде үш гол және 15 нәтижелі пас бар. Осылайша, Голдобин бір ойынға орта есеппен бір жарымнан астам ұпай жинап отыр.
Екінші орында «Нефтехимик» шабуылшысы Андрей Белозеров келеді. Ол 13 кездесуде 15 ұпай еншіледі. Белозеров бес гол соғып, серіктестеріне 10 нәтижелі пас берген.
Үздік үштікті Сергей Плотников түйіндейді. СКА шабуылшысы 11 ойында 14 ұпай жинап, сегіз шайба соқты және алты нәтижелі пас берді.
Төртінші орында «Барыстың» америкалық шабуылшысы Джастин Бэйли тұр. Ол 12 матчта 14 ұпай жинады: сегіз гол соғып, алты нәтижелі пас берген. Дәл осындай көрсеткіш «Нефтехимик» форварды Дамир Жафяровта да бар. Алайда ол Бэйлиден бір ойын артық өткізген.
Сондай-ақ «Барыстың» өкілі Семен Симоновты атап өткен жөн. Жас шабуылшы ҚХЛ-дың үздік сұрмергендері тізімінде 10-орында тұр. Ол 12 матчта 11 ұпай жинап, бірнеше нәтижелі әрекетімен көзге түсті.