Павел Акользин «Сочи» клубына ауысты

Павел Акользин «Сочи» клубына ауысты

«Сочи» хоккей клубы шабуылшы Павел Акользинмен бір жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншының ауысқаны туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шабуылшының соңғы командасы «Шанхай Дрэгонс» болды. Ол өткен маусымда осы клубтың сапында өнер көрсетті. Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында 40 матчқа қатысып, төрт шайба соғып, бес нәтижелі пас берді.

Акользин ҚХЛ-да жалпы 553 матч өткізіп, 129 ұпай жинаған. Оның еншісінде 74 шайба мен 55 нәтижелі пас бар. Әр жылдары хоккейші «Металлург», СКА, «Барыс», «Спартак» және «Шанхай Дрэгонс» командаларында ойнады.

Павелдің мансабындағы басты жетістіктерінің бірі — 2023/2024 жылғы маусымда Магнитогорскінің «Металлург» клубымен бірге Гагарин кубогын жеңіп алуы.

Қазіргі уақытта «Сочи» ҚХЛ Батыс конференциясында 11-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или