» бас бапкерінің әйелі командадағы жанжал туралы пікір білдірді
«Металлург» клубының бас бапкері Андрей Разиннің жұбайы Татьяна Разина магнитогорскілік команда бапкері мен хоккейшілер арасында келіспеушілік бар деген пікірмен келіспеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, команда ішінде жанжал бар деу дұрыс емес, өйткені наразылық білдіріп жүрген бір ғана ойыншы. Татьяна Разина өз пікірін әлеуметтік желіде жариялады.
«Командада жанжал бар деген нұсқа шындыққа жанаспайды. Жай ғана бір ойыншының көңілі толмай жүр», – деп жазды ол.
Бапкерге қатысты жағдай 6 қазанда ушықты. Сол күні «Металлург» клубы Андрей Разиннің қызметінен шеттетілгенін ресми түрде жариялады. Клуб директоры Алексей Жлоба мұндай шешімнің себептерінің бірі ретінде Андрей Разин мен хоккейшілер арасындағы келіспеушілікті атаған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или