Андрей Назаров ҚХЛ клубтарындағы бапкерлер мен менеджерлердің жұмысына баға берді

Андрей Назаров ҚХЛ клубтарындағы бапкерлер мен менеджерлердің жұмысына баға берді

ҚХЛ-дің бірқатар клубтарын жаттықтырған Андрей Назаров Құрлықтық хоккей лигасындағы бапкерлер мен менеджерлердің жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

«ҚХЛ-де қызықты матчтар көбейіп келеді. Тұрақты чемпионат қыза түсті, қазір маусымның ең тартысты кезеңі жүріп жатыр. Барлық команда бабына келді. Клубтар мен басшылар жеңіске жетуді қалайды, өйткені лигадағы бюджеттер қомақты, жұмсалған әр рубль үшін есеп беру керек. Бірақ жеңімпаз біреу ғана — ең мықтысы. Сондықтан қалғандары алаңдай бастайды. Алайда кәсіби спорттың мәні де осында екенін түсіну керек: бәсекелестік өте жоғары, кез келген ұсақ-түйек шешуші рөл атқаруы мүмкін.

Өкінішке қарай, жазда жіберілген қателіктер, соның ішінде кейбір хоккейшілерді командаға шақыруға қатысты шешімдер де өз әсерін тигізе бастады. Кейбір клубтар бапкерді немесе менеджерді таңдауда қателескені анық. Осындай жағдайлардан кейін жүйке жұқартатын сәттер туындайды.

Бір қызығы, ҚХЛ-де жыл сайын бір топ-клубтар үлкен жүк көліктеріне мініп, әлемдегі ең сапалы жанармаймен жүріп келе жатқандай, ешкімге қарамастан көшбасшылар қатарынан түспейді. Қазір нәтижеге көңілі толмай жүрген басқа клубтар жазғы трансферлік науқан мен спорттық бөлімнің жұмысын саралап, қорытынды жасауы керек», — деп келтіреді маманның сөзін «Чемпионат».

Еске салайық, Андрей Назаров 2014/2015 және 2015/2016 маусымдарында астаналық «Барысты» жаттықтырған. Сондай-ақ 2014–2016 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или