ҚХЛ аптаның үздік сейвтерін жариялады: Амирбеков бірінші орынға шықты
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаттың өткен аптасындағы қақпашылардың үздік сейвтерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рейтингтің бірінші сатысына «Адмирал» клубының қазақстандық қақпашысы Джелал-ад-Дин Амирбеков орналасты.
Ол магнитогорскілік «Металлургке» қарсы матчта отандасы Никита Михайлистің соққысын қайтарып, шайбаның қақпаға енуіне жол бермеді. Айта кетейік, Амирбеков бұл әсерлі сейвті Құрлықтық хоккей лигасындағы дебюттік матчында жасаған.
Үздік үштікке «Барыс» қақпашысы Андрей Шутов та енді. Оның омбылық «Авангардқа» қарсы ойындағы сейві рейтингте үшінші орынға қойылды.
Осылайша, ҚХЛ-дағы аптаның үздік сейвтері қатарына Қазақстанның екі қақпашысы енді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или