«Барыс» екі хоккейшісінен айырылып, сырт алаңдағы матчтарға аттанды

«Барыс» екі хоккейшісінен айырылып, сырт алаңдағы матчтарға аттанды

Астаналық «Барыс» тоғыз матчтан тұратын сырт алаңдағы серияның екінші кезеңін бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде қазақстандық клуб үш матч өткізеді:

26 қазан. «Автомобилист» – «Барыс»

28 қазан. «Динамо» (Минск) – «Барыс»

30 қазан. «Шанхай Дрэгонс» – «Барыс»

Алайда Екатеринбург – Минск – Санкт-Петербург бағытындағы сапарға «Барыс» оңтайлы құраммен аттанған жоқ.

«Мади Диханбек әлі де жарақатына байланысты ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ Всеволод Логвин медициналық себептерге байланысты сырт алаңдағы матчтарды өткізіп алады», – деп хабарлады астаналық клубтың баспасөз қызметі.

Мади Диханбек биылғы тұрақты чемпионатта небәрі екі матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген.

Ал Всеволод Логвин 13 кездесуде мұз айдынына шығып, 12 (4+8) ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама