«Металлург» бапкерлерін СКА-ға жібермей отыр

«Металлург» бапкерлерін СКА-ға жібермей отыр

Магнитогорскінің «Металлург» клубы Владимир Воробьев пен Евгений Михалкевичтің Санкт-Петербургтің СКА командасына ауысуына кедергі келтіріп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб мамандардан тағы бір ай жұмыс істеуді талап еткен.

Мәліметке сәйкес, екі бапкер де Санкт-Петербург клубында Андрей Разиннің жаттықтырушылар штабына қосылып үлгерген. Олар бұрынғы клубымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы төлеуге дайын.

Еске салайық, 6 қазанда Андрей Разиннің «Металлург» бас бапкері қызметінен шеттетілгені белгілі болды. Кейін, 18 қазанда клуб маманмен келісімшартты ресми түрде бұзды.

Магнитогорск командасынан кеткеннен кейін Разин СКА клубын басқарды. Онымен бірге көмекшілері Владимир Воробьев пен Евгений Михалкевич те Санкт-Петербург ұжымына ауысты. Алайда олардың бұрынғы клуб алдындағы міндеттемелерінен толық босатылуы әзірге шешілген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама