Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Минскідегі турнирге кеңейтілген құрамын жариялады
Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы хоккей құрамасының бапкерлер штабы Президенттік спорт клубының кубогына қатысатын кеңейтілген құрамды анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Халықаралық турнир 4-7 қараша аралығында Минск қаласында өтеді. Қазақстан құрамасына отандық «Барыс», «Торпедо» және «Алматы» клубтарының, сондай-ақ Ресейдің «Омские ястребы» мен «Qarmet» командаларының хоккейшілері шақырылды.
Қақпашылар: Давид Зиновьев («Торпедо»), Елисей Плотников («Омские ястребы»), Леонид Кравцов («Барыс»).
Қорғаушылар: Артем Гасников, Захар Белоусов (екеуі де — «Торпедо»), Дмитрий Агошков, Дэнир Утеев, Вадим Фирса, Макей Громов, Спартак Чукреев, Дархан Хафаров, Алдияр Абдрахманов, Ардаулет Ержанұлы, Кирилл Задорожный (барлығы — «Барыс»), Темерлан Марат («Алматы»).
Шабуылшылар: Тарлан Абдуллин, Жангирхан Абильдин, Адильжан Амиржанов, Карим Елемесов, Рауан Қайыржан, Артур Ким, Артем Коротков, Роман Лазаренко, Амир Попченков, Илья Рахманин, Тимур Такишев (барлығы — «Барыс»), Ильяс Даулетбек, Адам Стариненко (екеуі де — «Qarmet»), Расул Датаев, Руслан Пальмтаг, Данил Якушкин (барлығы — «Торпедо»), Матвей Желтоножко, Динислам Толеген (екеуі де — «Омские ястребы»), Константин Юн («Алматы»).