Иван Федотов өз клубынан кетіп Ресейге оралды

Иван Федотов өз клубынан кетіп Ресейге оралды

Бұрын НХЛ жүйесінде ойнаған қақпашы Иван Федотов «Кливленд Монстерс» клубынан жарақатына байланысты кетіп, Ресейге оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейші маусым барысында АХЛ-де 47 ойын өткізіп, соққылардың 88,7 пайызын қайтарған. Ол 2015 жылғы НХЛ драфтында «Филадельфия Флайерз» клубы тарапынан таңдалған.

2022 жылы Федотов армияға шақыртылып, содан кейін Ресейде ЦСКА сапында өнер көрсетті. Кейін қайтадан НХЛ жүйесіне оралып, «Коламбус Блю Джекетс» ұйымымен келісімшартқа отырған.

Айта кетелік, қазір оның жарақатының нақты сипаты белгісіз. Сонымен қатар кей ақпарат көздері оның КХЛ-ға қайта оралу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлайды.

ҚХЛ маусымның үздік жас ойыншысына үміткерлерді жариялады

«Барысқа» ауысуы мүмкін бе? ҚХЛ клубы шабуылшысынан айырылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или