ҚХЛ мараптына «Металлург» ойыншысы үміткер боп отыр
Құрлықтық хоккей лигасы маусымның үздік жас хоккейшісі атағына үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Беделді марапатқа «Салават Юлаев» клубының шабуылшысы Александр Жаровский, СКА форварды Матвей Поляков және магнитогорлық «Металлург» ойыншысы Михаил Федоров үміткер атанып отыр.
Бұған дейін бұл сыйлықты Илья Проскуряков, Валерий Ничушкин, Андрей Василевский, Виталий Кравцов, Егор Чинахов және Иван Демидов секілді танымал хоккейшілер жеңіп алған.
Айта кетелік, ҚХЛ-дың маусымды қорытындылау рәсімі 2026 жылдың 28 мамырында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или