Джейк Масси ҚХЛ-дегі команда көшбасшыларының біріне айналды

Джейк Масси ҚХЛ-дегі команда көшбасшыларының біріне айналды

Астаналық «Барыс» клубы канадалық қорғаушы Джейк Массимен жаңа келісім жасалғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңа келісімшарт екі маусымға есептелген және 2028 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.

Джейк Масси ҚХЛ-дегі алғашқы маусымының өзінде команда көшбасшыларының біріне айналды. Ол 8 шайба соғып, 17 нәтижелі пас беріп, «Барыстың» ең үздік бес бомбардирінің қатарына енді.

Сондай-ақ канадалық хоккейші пайдалы әрекет көрсеткіші бойынша (+5) және тосқауыл қойған соққылар саны бойынша (123) командада үздік нәтиже көрсетті.

Масси бір матчта орта есеппен 20 минут 43 секунд мұз айдында өткізген. 

Айта кетелік, өткен маусымда «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 10-орын алып, плей-офф кезеңіне шыға алмаған еді. Клуб басшылығы тәжірибелі қорғаушымен келісімді ұзарту арқылы қорғаныс шебін сақтап қалуды маңызды қадам деп бағалап отыр.

ҚХЛ маусымның үздік жас ойыншысына үміткерлерді жариялады

«Барысқа» ауысуы мүмкін бе? ҚХЛ клубы шабуылшысынан айырылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или