Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин ресейлік Петр Бар-Бирюковпен бірге Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан ATP Challenger 50 турнирінің жұптық сынында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалдық кездесуде қазақстандық-ресейлік жұп үндістандық Ники Калиянда Пунача мен Сакет Минени дуэтімен кездесті. Матч 59 минутқа созылып, Ломакин мен Бар-Бирюков 6-3, 6-4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Григорий Ломакин мен Петр Бар-Бирюков турнир финалына шықты. Шешуші ойында олар үндістандық Адил Кальянпур мен Мукунд Сасикумар жұбымен кездеседі.
Бангалордағы турнир 18-23 мамыр аралығында өтеді, жалпы жүлде қоры 63 000 АҚШ доллар.
Рыбакина Берлиндегі беделді турнирге қатысады
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты