Сергей Деревянченко келесі кездесуін 26 шілде күні өткізеді
Украиналық боксшы Сергей Деревянченко келесі кездесуін 26 шілде күні өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін спортшы жаңа Zuffa Boxing промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегіне шығады. Ол бұл ұйыммен келісімшартты биылғы сәуір айының соңында жасаған.
Мәліметке сәйкес, Нью-Йоркте өтетін бокс кешінде Эдгар Берланга, Ричардсон Хитчинс және Сергей Деревянченко өнер көрсетуі мүмкін.
Zuffa Boxing жобасы TKO Boxing Promotions пен Sela компанияларының бірлескен бастамасы саналады. Ұйым басшылығында UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясының танымал спорт функционерлері бар.
Сергей Деревянченко соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың шілде айында өткізіп, америкалық Джереми Рамосты нокаутпен жеңген еді.
Айта кетелік, украиналық боксшы 2019 жылы Геннадий Головкинмен IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионч белбеуі үшін жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген болатын.
Головкиннің бұрынғы қарсыласының келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды