Бішкектегі бокс кеші ресми түрде тоқтатылды
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов қатысуы керек болған Бішкектегі бокс кеші ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
SaikouLush Boxing Promotions ұйымы турнирдің күтпеген жағдайларға байланысты өтпейтінін мәлімдеді. Промоушен барлық боксшылардан, командалардан, жанкүйерлерден және серіктестерден кешірім сұрады.
Турнир аясында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов индонезиялық жеңіліп көрмеген Сурия Дхармамен жұдырықтасуы тиіс болған.
Айта кетейік, Бибосынов кәсіби бокстағы дебютін 2025 жылдың 20 шілдесінде Бішкекте өткізген еді. Сол кездесуде ол филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Екінші жекпе-жегін де Қырғызстан астанасында өткізіп, жергілікті боксшы Әділет Қачқынбековты төрешілер шешімімен жеңген болатын.