Жекпе-жек Мэриленд штатындағы Хановер қаласында өтеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Евгений Павлов келесі кездесуін 18 шілде күні АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек Мэриленд штатындағы Хановер қаласында өтетін бокс кеші аясында ұйымдастырылады. Қазақстандық спортшының қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.
Кәсіпқой бокс кешін америкалық Jeter Promotions промоутерлік компаниясы өткізеді. Аталған ұйым Евгений Павловтың мүддесін қорғайды.
Петропавлда туған боксшы соңғы кездесуін 25 сәуір күні Балтиморда өткізген еді. Сол айқаста ол америкалық Антонио Дантон Эл-кішімен жұдырықтасып, алты раунд қорытындысында төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетелік, 25 жастағы қазақстандық кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген.Еншісінде 11 жеңіс бар, оның сегізі нокаутпен аяқталған.