Александр Уваров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық ауыр атлет Александр Уваров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үндістанның Гандинагар қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін иеленді. 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Александр Уваров серпе көтеру жаттығуында 165 келіні бағындырып, үшінші орынға тұрақтады.
Ал жұлқа көтеруде қазақстандық спортшы 200 келі көтеріп, төртінші нәтиже көрсетті. Қоссайыс қорытындысында Уваров 365 келі жинап, жалпы есепте бесінші орын алды.
Осы салмақта ел намысын қорғаған тағы бір қазақстандық Әлібек Рахымберді тоғызыншы орынға жайғасты.
Айта кетелік, бұл Қазақстан құрамасының биылғы құрлық чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болды. Жарыс 18 мамырға дейін жалғасады.