Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында жаңа жеңімпаз белгілі болды
Ауыр атлетикадан Талдықорған қаласындағы ел чемпионатының төртінші күнін 79 келідегі ерлердің сайысымен басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл салмақтағы көшбасшылардың (Ақжол Құрманбек, Едіге Емберді, Алексей Чуркин) жоғары салмаққа кетуіне және Петр Хребтовтың сары құрлық додасына қатысуына байланысты чемпиондыққа өзге отандастарымыз таласты.
Нәтижесінде 71 келіден 79 келіге ауысқан Бексұлтан Айтбай үздік шықты.
- Бексұлтан Айтбай (Қызылорда обл) - 315 келі (138+177)
- Нұрасыл Арапбай (Түркістан обл) - 312 келі (136+176)
- Бекназар Құлназаров (Түркістан обл) - 311 келі (139+172).
«Бұған дейін 71 келіде Қазақстан чемпионатының екі мәрте күміс жүлдесін алған едім. Енді жоғары салмаққа көтеріліп, осы атағыма қол жеткіздім. Серпе көтеруде бірінші мүмкіндігімде-ақ топ жардым. Бірақ барлығы ойдағыдай болды деп айта алмаймын. Алдағы уақытта бұдан да жоғары келіні бағындыруға тиіспін», - деді Бексұлтан Айтбай.
2025 жылдағы ел чемпионатының көрсеткіші:
- 1.Ақжол Құрманбек (Жетісу обл) - 352 келі (152+200).
- 2. Пётр Хребтов (Алматы) - 324 келі (144+180).
- 3. Ерасыл Ыбырай (Жетісу обл) - 290 келі (129+161).