Олимпиада жүлдегері бапкерлікке бет бұрды

Олимпиада жүлдегері бапкерлікке бет бұрды

2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов кәсіби спорттағы мансабын аяқтап, бапкерлікке көңіл бөлетін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы ауыр атлеттің мұндай шешім қабылдауына шаршау, созылмалы жарақаттар және жас ерекшелігі себеп болған.

Енді шығысқазақстандық спортшы Өскеменде бапкерлік қызметін жалғастырады. Ол бұл бағыттағы жұмысын бастап кеткен.

Айта кетейік, жақында Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында Уланов 94 келіге дейінгі салмақта 287 келі нәтижемен (137+150) қола медаль жеңіп алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или