Қазақстан құрамасы үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алу үшін күреседі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

1/16 финалда ұлттық құрама Испания командасымен кездесті. Алғашқы матчта Алан Құрманғалиев Альваро Роблесті 3:1 есебімен жеңді.

Одан кейін Кирилл Герасименко Хуан Пересті дәл осындай есеппен ұтып, Қазақстан құрамасының басымдығын арттырды.

Испаниялық Даниэль Берзоса Айдос Кенжіғұловты 3:1 есебімен жеңіп, есеп айырмасын қысқартты.

Алайда шешуші нүктені Кирилл Герасименко қойды. Қазақстандық спортшы Альваро Роблесті 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Қорытынды есеп - 3:1. Осылайша Қазақстан құрамасы 1/8 финалға жолдама алып, енді Жапония мен Бельгия арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Ал әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады. 1/16 финалда қазақстандық спортшылар Швеция құрамасына 1:3 есебімен есе жіберді.

Рим турнирі: Бубликтің ықтимал қарсыластары анықталды


Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары белгілі болды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или