Ташкенттегі OCTAGON 86 турнирі сенсациямен басталды

Ташкенттегі OCTAGON 86 турнирі сенсациямен басталды

Ташкентте өткен OCTAGON 86 турнирінің алғашқы айқасы күтпеген нәтижемен аяқталып, көрермендерді таң қалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

OCTAGON 86 турнирі аясында өткен кештің старттық жекпе-жегінде қырғызстандық Бекбол Исаков небәрі 48 сағат бұрын шақырту алып, өзбекстандық Диёрбек Рустамалиевпен кездесті. Бірінші раундта жергілікті спортшы басымдық танытқанымен, шешуші сәтте бәрі өзгерді.

Исаковтың дәл тиген хай-кигі қарсыласын нокдаунға жіберіп, артынша ол тұншықтыру әдісімен жеңісті жұлып алды. Осылайша кештің алғашқы жекпе-жегінде ірі сенсация тіркелді.

Негізгі кардта жанкүйерлерді бірнеше қызықты айқастар күтіп тұр. Камиль Карате атанған Камариддин Хасанов пен өзбек файтері Огабек Абдумуминов арасындағы супержекпе-жек басты оқиға болмақ.

Айта кетелік, сонымен қатар ко-мейн ивентте қазақстандық Тазабек Баянов жеңіліссіз рекордын сақтап қалу үшін тәжірибелі қарсылас Бобур Абдулазизовпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или