Бразилиялық файтер үлкен жекпе-жекке көз тікті
Карлос Пратес UFC Fight Night 275 турнирінде Джек Делла Маддаленаны жеңгеннен кейін өз ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. Ол Австралияға ұзақ жол жүріп келгенін айтып, бұл айқасқа толық дайын болғанын жеткізді. Сонымен қатар қарсыласын құрметтейтінін де атап өтті. Пратес келесі жекпе-жегін Ислам Махачев пен Иэн Гарри арасындағы айқастың жеңімпазымен өткізгісі келетінін айтты. Оның сөзінше, ол әмбебап файтер және тек бокспен шектелмейді — тізе, шынтақ және аяқпен де тиімді соққы жасай алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или