Ирландиялық файтер қайта кездесуді қалайды

Ирландиялық файтер қайта кездесуді қалайды

UFC рейтингінде жартылай орта салмақта екінші орында тұрған Иэн Гэрри Карлос Пратеске үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл мәлімдеме Пратес Джек Делла Маддаленаны үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін айтылды. Жекпе-жек UFC Fight Night 275 турнирінің басты оқиғасы болды.

Гэрри әлеуметтік желідегі парақшасында Пратеспен реванш өткізгісі келетінін жазды. Оның сөзінше, алдымен Ислам Махачевті жеңіп, кейін Бразилияда қайта кездесуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Пратес қазір қатарынан үш жеңіс сериясын тіркеп отыр.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или