Қазақстандық файтер ауыр айқаста белбеу жеңіп алды
Қазақстандық файтер Жансерік Жақсығулұлы NAIZA 82 турнирінде Майке Линаресті жеңіп, жеңіл салмақта чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Басты жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, тартысты өтті. Алғашқы раундтарда Линарес белсенділік танытқанымен, Жансерік қарсыласының партерге өту әрекеттерін сәтті тоқтатып, өз стилін жүргізе бастады.
Айқас барысында қазақстандық файтер соққыларда басым болды. Ол қарсыласын дәл әрі ауыр соққылармен ұрып, Линарестің бетіне айтарлықтай зақым келтірді.
Соңғы раундтарда Жақсығулұлы толық бақылауды қолға алып, қысыммен басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті оған берді — 48-47, 49-46, 48-47.
Осы жеңістен кейін Жансерик Жақсығулұлы NAIZA лигасының чемпионы атанып, кәсіби рекордын 10 жеңіс, 6 жеңіліске жеткізді.