Хамзат Чимаев Макгрегормен жекпе-жек идеясына пікір білдірді

Хамзат Чимаев Макгрегормен жекпе-жек идеясына пікір білдірді

UFC чемпионы Хамзат Чимаев боксқа ауысу һәм Конор Макгрегорға қарсы төбелесуі мүмкіндігі турасында пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чимаев 10 мамыр күні Шон Стриклендке қарсы UFC 328 турнирінде чемпиондық белбеуін қорғайды. Дегенмен, ол болашақта Zuffa Boxing аясында Макгрегормен кездесуге ұсыныс түссе, қарсы емес екенін жеткізді.

«Мен боксқа кетуді жоспарлап отырған жоқпын және әрқашан UFC жауынгері болып қала беремін. Бірақ егер Zuffa Boxing аясында Конор Макгрегормен жекпе-жекке ұсыныс түссе, ойланып көруге болады. Неге болмасын? » деді ол.

Сонымен қатар Чимаев Конордың өте көп сөйлейтінін жақсы табыс деп бағалады. 

«Конор жақсы боксшы, UFC-дегі үздіктердің бірі емес пе?! Оған қарсы тұру қызық болар еді. Оның үстіне, бұл жақсы табыс көзі. Оның үстіне ол Шон Стриклендтен де көп көпіріп сөйлейді»  деді чемпион. 

Хамзаттың сөзінше, Конордың әйгілі жеңісі оның ММА-да мол табыс табуға деген арманын оятқан. 

«Мен Макгрегордың Альдоны қалай жеңгенін есімде сақтаймын. Сол кезде оның қанша гонорар алғанын естідім, содан кейін менде ММА-да жетістікке жету арманы пайда болды» деді Чимаев.

Айта кетелік, әзірге ол октагоннан кетуді жоспарламайтынын жеткізді. 

Ташкенттегі OCTAGON 86 турнирінде өзбек файтері қарсыласын нокаутпен жеңді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или