Қос атақты боксшының кездесуі кейінге шегерілді
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо мен жеңіліп көрмеген америкалық Флойд Мейвезер арасындағы көптен күткен реванштың уақыты мен өтетін орны өзгеруі ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұйымдастырушылар жекпе-жекті бастапқы жоспардан басқа аренаға ауыстыруды қарастырып жатыр.
Ақпарат бойынша, айқас Лас-Вегастағы «Сфера» аренасында емес, MGM жүйесіне кіретін нысандарда өтуі мүмкін. Негізгі нұсқалар ретінде T-Mobile Arena немесе MGM Grand Garden Arena аталып отыр. Сонымен қатар, жекпе-жек күні де өзгеруі ықтимал: 19 қыркүйектен 15 тамызға ауыстыру талқылануда.
Бұл кездесу ресми кәсіби бокс жекпе-жегі ретінде өтеді және спортшылардың рекордтарына енгізіледі. Қазір Мейвезердің көрсеткіші 50-0 болса, Пакьяоның рекорды 62-8-3.
Айта кетелік, ұйымдастырушылардың сөзінше, «Сфера» аренасында өткізу жоспардан толықтай алынып тасталған.
Головкин басқаратын World Boxing құрамына жеті жаңа федерация қосылды